Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен іскерлік ахуалын жақсартуды ынталандырмақ

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2018
  • 2261

АҚШ Қазақстанмен қарым-қатынасын нығайтып, экономиканы әртараптандыруды ынталандырмақ. Бұл туралы Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элис Уэллс мәлімдеді, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Оның айтуынша, 26 жыл ішінде екі ел арасындағы әріптестік тек дамып келеді. Ал Вашингтон Қазақстанның әлемдік саясат сахнасына шығуына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, C5+1, яғни 5 ортаазиялық ел мен АҚШ форматына Конгресс 15 миллион доллар бөлген. Ал тек 2016 жылы АҚШ Қазақстанға 3,3 миллион долларды құрайтын білім гранттарын ұсынған. Сондай-ақ Қазақстан экономикасын диверсификациялау мен іскерлік ахуалын арттыруда әріптестікті жалғастырмақ. Элис Уэллс ханымның айтуынша, шетелдік инвесторларды қызықтыратыны осы.

Айта кетейік, ертең Нұрсұлтан Назарбаев америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездеспек. Тараптар халықаралық ауқымды мәселелерді, оның ішінде Ауғанстан, Сирия, Солтүстік Корея проблемаларын талқылайды. Келіссөздер кезінде қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік мәселелері де көтеріледі.