Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтардан бастап 1,2,5,7 сынып мұғалімдерінің жалақысы өседі

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2018
  • 4158

Қаңтардан бастап 1,2,5,7 сынып ұстаздарының жалақысы өседі. Осылайша, кезең кезеңімен 2020 жылға дейін мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Бұлайша бөлу жаңа оқу бағдарламасына қатысты.  Биыл қыркүйек айынан бастап - 3, 6, 8 сынып, 2019 жылдан - 4, 9, 10 сынып, 2020 жылы 11 сынып мұғалімдерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұдан бөлек, кәсіби біліктілігі жөнінде тест тапсыру арқылы мұғалімдер өз жалақысын 50 пайызға дейін көбейте алады. Осы мақсаттарға бюджеттен 67 млрд теңге бөлінген.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Екіншіден, жаңа қосымша төлем жүйесі енгізіледі. Кәсіби біліктілігене орай категориясын өсіруге болады. Ол Ұлттық кәсіби тест арқылы анықталады. Нәтижесіне қарай 20-50 пайызға дейін қосымша төлем беріледі. Он бес жылдық тәжірибесі бар қаладағы ұстаздар 28 мыңға, ауылдықтар 36 мыңға дейін жалақасын көбейте алады.

Сондай-ақ биылдан бастап Білім және ғылым министрлігі оқушыларға үй тапсырмасы жүктемесін азайту туралы бұйрық шығарған. Онда үй тапсырасы 150 минуттан артық берілмейді дейді. Және демалыс пен мереке күндері оқушылар үй жұмысынан босатылады.