Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқының 71,3 пайызы Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауы туралы естіген

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2018
  • 2649

Қазақстан халқының 71,3 пайызы Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауынан хабардар. "Нұр Отан" партиясы жанындағы саяси сараптамалар мен стратегиялық зерттеулер орталығы халықтың әлеуметтік ахуалын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізген. Бүгін орталық коммуникациялар қызметі алаңында осы сауалнаманың қорытындысы жарияланды. Ендігі міндет - «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауда қамтылған басымдықтарды жалпақ жұртқа түсіндіру. 

Юлия Кучинская, "Нұр Отан" партиясы жанындағы саяси сараптама және СЗО директоры:

Cауалнамаға 67 елді мекен қамтылды, қала тұрғындарымен қатар ауылдықтар да бар. Өткен жылдың соңғы тоқсанында халықтың көңіл-күйіне әлеуметтік экономикалық ахуалдың оңалуы, ЭКСПО халықаралық көрмесі мен Тұңғыш президент күнінің атап өтілуі оң әсер еткен. Елдегі саяси ахуалды бағалау индексі бойынша сұралғандардың 72 пайызы жаңа жолдаудың басымдықтары, азаматтық қоғам мен ұлтаралық татулық - біздің басты құндылығымыз екенін айтқан.