Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ресми сапарымен АҚШ-қа табан тіреді

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2018
  • 2329

АҚШ-қа ресми сапармен аттанған Қазақстан президенті Вашингтонға табан тіреді. Нұрсұлтан Назарбаев Америка басшысы Дональд Трамппен және АҚШ-тың ресми және іскерлік орта өкілдерімен кездеспек. Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті кеңейту жөнінде бірлескен мәлімдемелерге қол қоймақ.

Келіссөздер кезінде бірнеше миллиард долларды құрайтын келісімдер жасау жоспарланған. Америкалық капиталдың қатысуымен қолға алынған бірлескен жобалар Қазақстан экономикасының түрлі салаларында іске аспақ. Ресми сапар кезінде екі ел арасындағы сауда-саттықты күшейтіп, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға басымдық берілмек. Сондай-ақ Қазақстан президенті БҰҰ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйлейді.