Прокурорлар істі бұрмалап отыр деген адвокат шағымы негізсіз. Бишімбаев ісін қарауды жалғастырған сот бүгін осындай шешім шығарды. Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың інісі Сұлтан Нұрлыбектің адвокаты Гүлнәр Сүлейменова қадағалаушы орган өкілдеріне шағым айтып, оны Бишімбаевтың адвокаттары да қолдаған еді.
Әділхан Шайхисламов, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы:
Сот шағымды қарап өтіп, мемлекеттік айыптаушылардың іске өз тарапынан қызығушылық танытып отыр дегеніне нақты дәлелдің жоқтығын ескереді. Заң жобасын білмейді немесе нормаларды дұрыс пайдаланбайды деген уәжіне қатысты да нақты дәлел жоқ. Бұл прокурорларға қарсылық білдіруге негіз жоқ деген сөз.
Сондай-ақ
адвокат тараптардың сөз жарысына дайындалуға қосымша уақыт сұраған еді. Алайда,
судья өтінішті жартылай қанағаттандырды. Сот отырысы жұма күні жалғасатын
болады.