Русский Сайттың толық нұсқасы

Билікте бірқатар ауыс-түйістер болды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2016
  • 1664

Бүгін түс ауа билікте бірқатар ауыс-түйістер орын алды. Президент жарлығымен Владимир Школьник Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды. Енді бұл ведомствоға осыған дейін Павлодар облысын басқарған Қанат Бозымбаев жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Нұр Отан» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты атанған Зағипа  Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Ал Владимир Божко өзге қызметке ауысуына байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА