Русский Сайттың толық нұсқасы

Биткойн бағамы 25% құлдырады

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2018
  • 2499

Оңтүстік Кореяның қаржы министрі Ким Дон Ённың елде криптовалюта биржасына тыйым салу туралы мәлімдемесі криптовалюта құнын құлдыратты. Биткойн бағамы бір тәулікте 25 пайызға арзандап қалды. Бұған CoinDesk сауда алаңындағы деректер дәлел бола алады. Сауда-саттық кезінде бағам 10 194 долларға дейін түсіп, кейін қалпына келді. Енді ол 11 378 долларға сатылып жатыр. Бұл биткойн бағамының бірінші рет құлдилауы емес. Ізін шала басқа да криптовалюталардың да құны әлсіреген еді.

Айта кетейік, Bloomberg қаңтардың 15-інде Қытай билігі кирптовалюта саудасы, онлайн-биржа платформаларын шектейтінін хабарлаған болатын.