Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тағы Мичиган көлі кісі қарасы көп болатын жерге айналды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2018
  • 5845

Қыстың көзі қырауда АҚШ-тағы Мичиган көлі кісі қарасы көп болатын жерге айналды. Жақында болған дауылдан соң жағажайда мұзды мүсіндер пайда болды.

Рейтерс агенттігі ұсынған мына кадрлардан ылғалдың жоғарылығы мен ауа температурасының төмендігінен ағаштар мен шөптердің қалың мұзбен көмкерілгенін көруге болады. Осылайша пейзаж ерекше ертегі кейпіне енген. Мысалы, шамшырақ үлкен қолшатырға айналған.

Табиғат туындысы тұрғындардың таңданысын тудырып, жұрт жиі келетін болған. Жағажайға жолдың жабылғанына қарамастан, америкалықтар көлге жетудің амалын тауып, селфи жасап әлек. Демек, табиғат салған әдемі өрнек әлеуметтік желілерге де тарап кетті деген сөз.