Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс президент жолдауын іске асыру жоспарын құрды

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2018
  • 2799

Президенттің биылғы жолдауын іске асыру үшін, Үкімет 13 заң жобасын әзірлеп, мәжіліске енгізеді. Тағы біреуін депутат Майра Айсина әзірлейді, - деді вице-спикер Гүлмира Исимбаева. Бүгін депутаттар жолдауды іске асыру жоспарын құрды. Мәжіліс төрағасының орынбасары депутаттар жолдаудағы міндеттерді орындауға атсалысатынын, қосымша бастамаларды да көтеруге әзір екенін айтты.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Бүгіннің өзінде барлық комитеттер мен депутаттар қаралып жатқан заң жобаларын жолдаумен байланыстыруы керек. Жолдауда айтылған кейбір мәселелер комитеттер қарауында. Мәселен, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен мұғалімдерге жаңа категория белгілеу сияқты.