Русский Сайттың толық нұсқасы

Инстаграмда саудасын қыздырғандарға салық салынбайды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2018
  • 2539

Инстаграмда саудасын қыздырғандарға салық салынбайды. Алайда оларға міндетті түрде салық органдарында тіркелу керек. Ал пәтерін жалға тапсырушылардың табысына 1 пайыз салық салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте үшінші салық кодексін таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты.

Жаңа салық кодексі бірінші қаңтардан күшіне енді. Оған сай, әлеуметтік желіде сауда-саттық жасайтындар бюджетке салық төлеуден босатылады. Бірақ олардың қызметі бақылаусыз болмайды. Оларға арнайы электронды алаңда тіркеліп, тауардың төлемін қолма-қол ақшасыз, электронды түрде жүргізуі шарт. Ал пәтерін жалға берушілерге салық салу арқылы, министрлік оларды көлеңкеден шығаруға ниетті.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Салық жүктемесі екі есе төмендеп отыр. Енді қымбат дегендер, қымбат емес екенін көреді. Енді бір мәселе - есеп тапсыру, анықтама тасу. Ол жұмысты мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп біз атқарамыз. Салық төлеу арзан ғана болып қоймай, төлеудің өзі ыңғайлы болғандай. Сонда пәтерін заңсыз жалға берушілер саны күрт азаяды деп ойлаймыз. Көбі заңды төлеуге дайын. Олар бізге қарапайым рәсім жасаңдар және құны үлкен болмасын дейді.