Қытайдың
Харбин қаласындағы паркте 2018 аққала пайда болды. Ол қытайлық жаңа жыл
құрметіне жасалған. Олардың ерекшелігі - бір біріне ұқсамайды. Мүсіншілер әдеттегідей мұрнын сәбізден, көзін көмірден жасау секілді қатып
қалған стандартты қолданбай, аққалаларды өздерінше жасаған. Қарлы мүсіндер
галстукпен, бас киім, орамалдармен безендірілген.
Ұйымдастырушылар Гиннестің
рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр. Аққалаларды жасау үшін 12 текше метр
қар қажет болған. Ең үлкен аққаланың бойы 20 метрге жетеді. Харбинде қар
фестивалі 30 жылдан бері өткізіледі. Ұйымдастырушылар туристерді жыл сайын таң
тамаша етуге тырысады. "Мұз бен қар" фестивалі ақпанның аяғына дейін
жалғаспақ.