Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік пен Орталыққа жеткен арктикалық антициклон оңтүстік өңірлерге ығысады

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2018
  • 3746

Солтүстік пен орталыққа жеткен арктикалық антициклон оңтүстік өңірлерге ығысады. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.

Қаңтардың 24-і мен 29-ы аралығында Алматы мен Жамбыл облыстарында ауа температурасы төмендейді. Ал 26-сы мен 29-ы аралығында Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына сарышұнаяқ аяз келеді. Сынап бағанасы 15 градустан 25 градусқа дейін төмендемек. Ал кейбір жерлерде аяз өті 30-35 градусқа дейін жетеді.