Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір тәулікте далада қалған 338 адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2018
  • 2491

Бір тәулікте далада қалған 338 адам құтқарылды. Оның 15-і бала. Ал көбі шетел азаматтары. Ақтөбе облысында, 52 өзбек азаматы өртеніп кеткен маңда, 53 адам құтқарылған. Оның 47-сі Өзбекстан, алтауы - Ресей азаматы. Ақмола облысында да жолда қалған 41 өзбек аман қалды. Осы аймақта Тюменьге бет алған жолаушылар көлігі де тоқтап қалып, 57 тәжік азаматы құтқарылды. Жолға шыққан 15 қырғыз азаматы да жылыту пунктіне жеткізілген. Екатеринбургті бетке алған халықаралық рейстегі тағы 50 Өзбекстан азаматы эвакуацияланды. Қарағанды облысында Бишкек-Бургут бағытындағы автобустан 55 тәжік азаматы құтқарылған. Семей маңы мен Қостанай облысында жеңіл көлікпен далада тұрып қалған 9 адам аман қалды. Шымкенттен Ресейге бағыт алған 58 өзбек жолаушысы бар автобус Павлодар аумағында сынып, адамдар құтқарылған.