Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақордада Президент төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2018
  • 2107

Бүгін Ақордада Президент төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Онда Америкаға сапар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қаралды. Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент америкалық бизнес «капитандармен» нақты уағдаластықтар экономикамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін берді, - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жоғарғы басшылардың арасында, басқа Американың басшыларының арасында бірталай кездесулер болды. Ішкі саясат, сыртқы саясат өңірлік, дүниежүзілік қауіпсіздік мәселелері, содан кейін экономикалық жағынан өте көп нақты келіссөздерге қол жеткіздік. Соның барлығын бүгін сіздерге баяндап, біз не істеуіміз керек өзіміздің жағымыздан, соны қарайтын боламыз.