Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұрлы жерге" салғырт қарағандар

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2018
  • 2428

Кейбір әкімдер "Нұрлы жер" бағдарламасына салғырт қараған. Сағынтаев әріптестерін жинақталуға шақырды. Өйткені миллиардтар игерілмей жатыр. Биыл аталған бағдарлама бойынша 11 млн шаршы метр баспана бой көтерген. "Нұрлы жердің" есебінше, 2030 жылы Қазақстандағы әрбір адамға кемі 30 шаршы метрден тиесілі болуы керек.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Әкімдердің тарапынан салғырт қараушылық болған. Халық үшін қаншалықты маңыздылығына мән берілмеген. То статистика виновата, то подрядчики вовремя не сдали. Уважаемые коллеги, прошу собраться.

Инфрақұрылым тартуға былтыр Ұлттық қордан 77,3 млрд теңге бөлінген. Оның 99,5 пайызы игерілген. 325 млн игерілмей қалды. Ол Қарағанды облысы - 153 млн, Павлодар облысы -165 млн және Ақмола облысы - 7 млн теңгені жаратпапты.