Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабын талқылады

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2018
  • 2540

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабын Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері талқылады. Жиында Президенттің елдің жаңа тарихындағы рөлі айтылды. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы кеңес мүшелері, шетелдік сарапшылар, этономәдени бірлестік өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сондай-ақ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы мен президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауының мәтініндегі Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары алдында тұрған міндеттерді қарастыру жоспарланып отыр.

Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы:

Бұл құндылықтарды қалыптастыру және жалпы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған еңбек. Бұны біз бір іс-қимылмен немесе тек қана бүгінгі бір шарамен ғана шектей алмаймыз. Бұл біздің қоғамда қалыптасып сатыдан сатыға көшкен кезде белгілі болады.