Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық екі тыл ардагері Қарттар үйіне баруды армандайды

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2017
  • 4470

Қызылордада тоқсанға келген екі тыл ардагерінен балалары безіп отыр. Олар аналарын "Қамқорлық" дағдарыс орталығына әкеп тастаған. Қамкөңіл жандар әріптесіміз Шарипа Сақтаповаға көкейлеріндегі ызаны жылап жеткізді.

Реті келсе бізді Қарттар үйіне жеткізсе деген мынау екі қарт әже тоқсанға келген шақтарында ешкімге керек болмай қалғандарына налиды. Екеуі де бейнет кешіп, бала-шаға қамы үшін барлығына көнген ана. Енді сол балаларына керек болмай, далада қалып отыр.

Зағипа Бимаханова, тыл ардагері:

Анаған барам, өзі жақтырғанымен, байы жақтыртпайды. Мынаған барам. Қызым естіпті осы араны. Естіп, осында алып келді. Келсем, осы бала отыр екен. Рахмет, қанатының астына алып, әкем тіріліп келгендей көрдім. Мандайымнан сипап, ақ төсекке жатқызды.  Менен қайтпайды, Құдайдан қайтады бұлардын қызметі.

Тамара Подскребаева, тыл ардагері:

Аяғым ауырады, зорға жүрем, сондықтан қызым шаршады, қарттар үйіне кет, мен сенімен тұра алмаймын деді. Ал мен не істеймін? Мына балама рахмет, саябақтаға орындықта жатқан жерімнен осында алып келді. Көмектесіңіздерші, өтінемін, орындыққа жата алмаймын, суық, белім де аурады. 

«Қамқорлық» дағдарыс орталығы тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арналған мекеме. Әйелдер екі айдан жарты жылға дейін осында тұрып, оқып, мамандық алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сол үшін облыстық бюджеттен жиырма миллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Орталық басшысының айтуынша, "Қамқорлық" ата-анасынан қорлық көрген қарт кісілерге пана болады деген ойда болмаған. Алғашқы болып 80 жастағы қария орталықтың есігін ашып, көмек сұраған.

Жандос Тұсмағамбетов, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы:

Биылдың өзінде үш қарт кісі біздің орталыққа келіп отыр. Олардың балалары өздерінің аңаларынан теріс айналып, осындай орталықты паналатуға мәжбүрлеп отыр. Бір қарт кісіміз жақында өзінің отағасымен қосылып, әрі қарай шаңырақтарын жандыруға біз көмектестік. Бір қарт кісінің баласы өзінің анасынан нотариалды түрде бас тартып отыр.

Қазіргі таңда облыстық Қарттар үйінде 160 адам бар. Оның 101-қарт кісі. Оларға әлеуметтік және медициналық қызмет жасауға, күтіп-баптауларына облыстық бюджеттен осы жылға 290 миллионнан аса қаржы бөлінген. 

Ал ақ самайлы қарт әжелеріміз сол Қарттар үйіне баруды аңсап отыр. Қазір мұндағылар құжаттарын реттеп жатыр. Қариялар тағдырлас жандармен шерлерін тарқатып, өздерін кішкене болса да бақытты сезінгісі келеді.

Шарипа САҚТАПОВА