Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл жылу, су желілерінің тозуын 57 пайызға дейін азайту көзделген

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 3220

Астананың жылыту жүйесі қақаған аязға шыдас берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осылай деді. Алайда өзге өңірлердегі жағдай мәз емес. Мәселен, Павлодар облысында желілер 85% тозған. Алматы облысында 75 пайыз және Қарағанды облысында 80% ескірген. "Әсіресе Теміртауда желілер қағаз сияқты жұқарған", - деп атап өтті Жайымбетов.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

Жылу маусымы басталғалы бері неше түрлі техникалық бұзушылықтар болды дедік қой. Соның бәрі 1-2 сағатта, асып кетсе, 5-6 сағатта жөнделген жұмыстар. Үлкен апаттар болған жоқ.