Русский Сайттың толық нұсқасы

Афринде 260 күрд өлтірілді

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 2734

Сириялық Африн қаласында болып жатқан "Зәйтүн бұтағы" операциясы кезінде 260 күрд азаматы өлтірілді. Ал түрік тарапы бір адамнан айырылды. Бұл жөнінде Түркияның Бас штабына сілтеме жасап, CNN Turk агенттігі хабарлайды.

Еске салайық, ресми Анкара 1,5 миллион күрд мекен ететін Африн қаласында әскери қақтығысты бастады. Күрдтердің жақтасы Вашингтон шиеленісті дипломатиялық тұрғыда шешуге тырысқанмен, түрік әскері қайтар емес. Қазір олар Сирияның 69 елді мекенін басып отыр. Сирия президенті Башар Асад Түркияның бұл әрекетін аумақтық тұтастыққа қол сұғушылық деп, оны агрессияға теңеді. НАТО болса, Түркия Республикасы өзін қорғауға құқылы деп, қысқа қайырды.