Русский Сайттың толық нұсқасы

Коллекторлық ұйымдардың ипотека қарызын өндіруге құзыры жүрмейді - Ұлттық банк

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 2107

Коллекторлық ұйымдардың ипотека қарызын өндіруге құзыры жүрмейді. Ол міндет банктерге жүктелген. Бұл туралы Ұлттық банк өкілі мәлімдеді. «Коллекторлық қызмет туралы» заңындағы өзгеріс өткен жылдың маусым айында күшіне енген. Сол уақыттан желтоқсанның үшіне дейін республикадағы барлық коллекторлық ұйымдар қайта тіркеуден өтуі тиіс болатын. Бірақ, заң қабылданғанға дейін 200-дей коллекторлық ұйым болса, қазір алпыстан аса агенттік қана жұмысын жандандырыпты. Олар ипотекалық қарыздан басқа сотқа дейінгі берешектің барлық түрлеріне араласуға құқылы.

Иман Аль Кейси, ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысының орынбасары:

Тұрғын үймен қамтамасыз етілген жеке тұлғалардың банктік несиелік келісімдеріндегі қарызды екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржылық ұйымдарға беру жүзеге асырылған. Бұл жүйе арқылы заңда аталмыш әрекет коллекторлық агенттіктердің құзырына енбейтіндігі көрсетіліп отыр. Ал, абайсыз әрекеттер арқылы берешегі пайда болған борышкерлер мәселесіндегі қалған барлық жағдайға агенттік араласа алады.