Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен жылы Ақтөбе облысында Ұлттық қор есебінен 27 жоба қолға алынып, оның 22-сі аяқталған

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 2694

Былтыр Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы 99,8 пайызға орындалған. Өткен жылы ұлттық қор есебінен 27 жоба қолға алынып, оның 22-сі аяқталған. 5 жоба биылға ауыстырылған. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бақылап отырған «Нұр Отан» партиясының өкілдері бүгін шенеуніктердің қатысуымен партиялық тыңдау өткізді. Былтыр аймақта Ұлттық қордан бөлек республикалық бюджет арқылы 24 жоба жүзеге асырырылыпты. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 29 инфрақұрылымдық жобаға 16 миллиард, 647 миллион теңге бөлініп, толықтай игерілген.

Нұрлыбек Өнербаев, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

«Су жүйесіне, кәріз жүйесіне және жылу жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстарына несие бөлінді. 10 нысан бойынша. Оның жетеуі аяқталып, үшеуі биыл 18-інші жылы аяқталады. Сонымен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 9,4 миллиард 17-інші жылы бөлінді, 51 нысан, инфрақұрылымдық нысан бойынша».

Әлішер Мәжит, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

2017 жыл сәтті жыл болды деп айтуға болады. Республика бойынша үздіктер қатарынан танылып, бізде бірнеше объектілер іске қосылды. Жалпы бюджетті де игеру 99 пайызды құрады. 1 пайыз экономия болып тұр, сатып алу, конкурстардан, мемлекеттік сатып алу конкурстары аясында. Жалпы барлық бағыттағы комиссияларымыз облыс болсын, аудан болсын, тұрақты бақылау өткізуде.