Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылу өндірушілердің газға қарызы 7 млрд теңге - Энергетика министрлігі

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2018
  • 3271

Жылу өндіруші мекемелердің "Қазтрансгазаймақ" алдындағы қарызы 7 млрд теңгеден асқан. Оның ішінде берешегі 800 млн теңгеден 3,5 млрдқа дейін жеткен ірі кәсіпорындары да бар. Бұл туралы Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Айтуынша, тұтынушылардың жылу үшін берешегі артып кеткен. Сондықтан кәсіпорындар көгілдір отынға қарыздарын қайтара алмай отыр.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:

Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаларында 1,5-2 млрд дейін қарызы бар деген ақпарат бар. Сондықтан осы мекемелер Маңғыстауда МАЕК компаниясына тұтынушылар емес, Қазазот мекемесі олардан электроқуат, жылу алатын болғандықтан, олардың қарызы бар. Сол қарыздар бір-бірін көлемін қалғанда, бір-бірін жабады. Бірақ сол келісімшарттар бойынша жылу маусымы біткенше бұл мәселе жабылады.

Биыл Қазақстанда 8 энергоблок, 56 қазандық пен 47 турбина жөнделеді деп жоспарланған. Бұл жұмыстарды жылыту маусымы аяқталған соң бастау көзделген.