Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы оқушыға оқ атылғанын полиция растады

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2018
  • 2795

Оралда 15 жасар жеткіншекке оқ абайсызда атылған. Мұның оқыс оқиға екенін БҚО ішкі істер департаменті 5 күннен соң ғана ресми түрде хабарлап отыр. Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің мәлімдеуінше, 6 жастағы жасөспірім мылтықты абайсызда атқан. Ал, оқ тиіп жараланған 15 жастағы жеткіншектің жағдайын дәрігерлер әлі де ауыр деп бағалап отыр. Қазір осы оқиға ізімен Қылмыстық кодекстің «Абайсызда денсаулығына зақым келтіру» бабы бойынша тергеу алды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Мамандар қару иесінің жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Ибрагим Жүсіпқалиев, БҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы:

2002 жылғы жасөспірім абайсызда 2003 жылы туған жасөспірімге мылтықтан оқ атқан. Осы аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.