Оңтүстік
Кореядағы ауруханалардың бірінде болған алапат өрт салдарынан қаза болғандардың
саны артуы мүмкін. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, қазірде марқұм
болғандардың саны 40-қа жеткен. Тағы 9 адам аса ауыр хәлде жатыр. Жалпы алғанда, шамамен 80 адам зардап шеккен көрінеді. Барлығын дерлік түрлі деңгейде күйік
шалып, иіс тигендер.
Өрт Мильян қаласындағы Седжона корольдің атындағы
аурухананың 1-ші қабатынан тұтанған. Куәгерлер өрт жедел көмек көрсету
бөлімінен шыққан деп хабарлаған. Тілсіз жау тек 2 сағаттан соң ауыздықталды.
Сол мезетте емханада 111 пациент болған. Ел президенті оқиғаға қатысты жедел
жиын өткізіп, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуді
тапсырды.