Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореядағы алапат өрт салдарынан қаза болғандардың саны артты

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2018
  • 3118

Оңтүстік Кореядағы ауруханалардың бірінде болған алапат өрт салдарынан қаза болғандардың саны артуы мүмкін. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, қазірде марқұм болғандардың саны 40-қа жеткен. Тағы 9 адам аса ауыр хәлде жатыр. Жалпы алғанда, шамамен 80 адам зардап шеккен көрінеді. Барлығын дерлік түрлі деңгейде күйік шалып, иіс тигендер.

Өрт Мильян қаласындағы Седжона корольдің атындағы аурухананың 1-ші қабатынан тұтанған. Куәгерлер өрт жедел көмек көрсету бөлімінен шыққан деп хабарлаған. Тілсіз жау тек 2 сағаттан соң ауыздықталды. Сол мезетте емханада 111 пациент болған. Ел президенті оқиғаға қатысты жедел жиын өткізіп, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.