Русский Сайттың толық нұсқасы

Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған қаражат мақсатты пайдаланылмайды - Н.Радостовец

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2018
  • 2597

"Алпауыт компаниялардың экологияны ластағаны үшін төлейтін қаражаттарын әкімдіктер тиімді жұмсамай отыр. Оның аз бөлігі ғана қоршаған ортаны қорғауға бөлінеді". Тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Николай Радостовец осылай деп алаңдаушылық танытып отыр. Оның айтуынша, жергілікті бюджеттерге миллиардтаған қаражат түсетін көрінеді. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қап-қара қардың астында қалған Теміртау қаласының жайы да сөз болды. Николай Радостовец эко-төлемдер компанияларда қалып, ол қаржыға тазартқыш кондырғылар орнатылса деген ұсыныс айтты. Ал "шенеуніктер бұл ақшаға бюджетке түсетін қосымша кіріс ретінде қарайды" деген Николай Радостовец Қарағанды облысын мысалға келтірді. 

Николай Радостовец, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы:

Қалаларда экологияның жақсарғаны байқалмайды. Теміртауда қап-қара қар жатыр. Экологиялық төлем ретінде кәсіпорындардан ондаған млрд теңге түседі. Алайда әкімдік оны тиісті мақсатқа жұмсамайды. Қарағанды облысында қоршаған орта тазалығына деп кәсіпорындар бөлген қаржының 0,7% ғана экологиялық ахуалды жасқарту мақсатында игерілген. 

Ал Энергетика министрлігінің өкілдері «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясының жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді. Вице-министр Ғани Сәдібековтың сөзінше, шаң мен темір тозаңының шамадан тыс болуы қолайсыз ауа райына байланысты көрінеді.