Мексикадағы
Тласкал қаласының зообағында ақ түсті алан дүниеге келді. Аң патшасының күшігі
700 грамм салмақпен туылған. Қазір ол әжептәуір салмақ жинаған. Неге екені
белгісіз енесі оны емізуден бас тартқан. Сондықтан зообақта өскен.
Ветеринарлардың қамқорлығына алынған.
Аң патшасының ақ түсті болуы
мексикалықтар үшін таңданарлық жағдай емес. Альтиплано зообағында мұндай 3
арыстан бар көрінеді. Олардың арасында жаңа туған күшіктің ата-енесі де бар.
Кішкентай аланды зообақтағылар жұртшылыққа әлі көрсете қоймаған. Оның тіпті
аты да қойылмаған. Қазір әлеуметтік желідегілер оны қызу талқылап жатыр. Есімі
4 ақпан күні белгілі болады. Мамандар ол зообақтың жұлдызына айналады деп отыр.