Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстанда көмір бағасын негізсіз қымбаттатқандарға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2018
  • 3017

Оңтүстік Қазақстанда көмір саудасымен айналысатындарға 9 млн теңге айыппұл салынды. Тоғыз серіктестік қатты отынның сатылу бағасын негізсіз көтергені үшін осындай жазаға тартылған. Бұл туралы "Астана" арнасына монополияға қарсы комитеттің аймақтағы өкілі хабарлады.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаменті тексеру жүргізген. Өткен жылы желтоқсанда басталған шарада өңірді қатты отынмен қамтамасыз ететін 13 компанияның жұмысы қамтылды. Нәтижесінде Арыс, Түркістан және Шымкент қалаларындағы отын базаларында заңбұзушылықтар анықталған. Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Таштановтың дерегінше, жеткізілген көмір құны 10 мың мен 13 мың теңгенің аралығында сатылуы  тиіс екен. Алайда оның 1 тоннасы 20 мың теңгеге дейін жеткен. 

Бауыржан Таштанов ТМР, Бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ОҚО департаменті басшысының орынбасары:

9 нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексінің 169 бабымен тиым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдер бойынша заң бұзушылық анықталып, осы нарық субъектілеріне қатысты 9 млн теңге сома мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық  хаттамалары толтырылып, қазіргі таңда тиісті құжаттар сот органдарына қарау үшін жолданды.