Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерлан Біләлдің ісі бүгін сотта қарала бастады

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2018
  • 2623

«Сезам» театрының директоры Қайрат Баяновтың адвокаты пара алды деп күдікке іліккен Ерлан Біләлдан 600 мың теңге материалдық шығын өндіріп алуға талап-арыз берді. Бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық сотында актер әрі Мұхтар Әуезов академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлдің ісін қарау жалғасты. Бұл жолы да сот процесін журналисердің аудио-бейне таспаға түсіруіне рұқсат етілмеді. Сотта «Сезам» театрының директоры 1,5 млн теңгенің 600 мыңын сот арқылы өндіріп алуды қалайтынын айтты. Бірақ мұны прокурор қолдамады. Ал судья жауабын дайындау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Соттың келесі отырысы ертең жалғаспақ.

Рәмилия Мұхамадиева, адвокат:

Айыптау қорытындысы бойынша да, сотталушының өзі де тергеу барысында мойындағандай, 600 мың теңгені Ерлан Біләлдің алғаны анық болды. Сондықтан біз сол қаражатты өз иесіне қайтарып беру туралы сотқа бүгін қосымша талап-арыз бердік. Оның үстіне бұл сомма іске айғақ ретінде тіркелмеген.

Танымал актер жаңа жылдың алғашқы күндері пара алмақ болды деген айыппен істі болған еді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері оны  театрдың көрермен залын жалға беру үшін заңды тұлғалардың бірінен 1,5 млн теңге көлемінде пара талап етті деген күдікпен құрықтады.