Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанның кей аудандарында жер 120 сантиметрге дейін қатқан

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2018
  • 3144

Солтүстік Қазақстаның кей аудандарында жер 120 сантиметрге дейін қатқан. Бұл қалыпты нормадан екі есе жоғары. Тың ақпаратты біздің арна тілшілеріне төтенше жағдай мамандары хабарлады. Биыл жауын-шашын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға кем түскен. Жердің тереңге дейін қатуына апта бойы тұрған сарышұнақ аяз да ықпал етті. Құтқарушылардың айтуынша, ылғалды топырақтың кесірінен топан су пайда болуы мүмкін.

Асхат Бақышев, СҚО ТЖД бөлім басшысы:

Егер 2015 жылы кей аудандарда топырақ 70 см-ге дейін қатса, биыл ол 120-ға дейін жетіп отыр. Көктемде қар тез еріген жағдайда, ол жерге сіңіп үлгермейді. Кейін бір еңіс жерге жиналып, қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан биылғы тасқынның болар-болмасы тікелей ауа райына тәуелді болып тұр.

Ал жергілікті билік биыл қызылжарлықтар былтырғыдай бейнетке тап болмайды деп сендіреді. Себебі атқамінерлер Петропавл маңайындағы елді мекендерді оқшаулайтын дамбаны 2,5 шақырымға ұзартқан. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 2,6 миллиард теңге бөлінген. Жаңа нысан 3,5 мыңға жуық адамға қорған болды, дейді шенеуніктер. 

Қайролла Галеев, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

Дамбаның ұзындығы 3,1 шақырым, ал биіктігі 5,5 метр. Заречный кенті мен Былғары зауыт аудандары енді түгел оқшауланған.