Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде тұрғын үй нарығындағы белсенділік едәуір артқан - "Finprom"

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2018
  • 2836

Елде тұрғын үй нарығындағы белсенділік едәуір артқан. Өткен жылы баспана сату-сатып алу бойынша 239 мың 600-дей келісімшарт жасалыпты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырған 26% артық. "Finprom" порталының хабарлауынша, барлық мәміленің 14,6% Астана қаласының үлесінде. Елордада 34,9 мың сату-сатып алу шарты түзілген.

Екінші орында Алматы қаласы, мұнда пәтер алушылардың саны елдегі көрсеткіштің 14% құрапты. Жасалған келісімшарт саны 33,4 мың. Үшінші орынға 10,4% көрсеткішпен Қарағанды облысы шықты. Баспана алу үшін жасалған келісім саны 24,9 мың.

Сарапшылар тұрғын үй нарығындағы мұндай белсенділікті мемлекеттік бағдарламалардың табысты орындалуымен байланыстырады. Әсіресе "Нурлы жер" бағдарламасының үлесі айрықша деп жазады портал.