Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий теңізінде қатқан мұздан қауіп жоқ - эколог

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2018
  • 5275

Каспий теңізінің бетіне мұз қатуы - таңғажайып құбылыс емес. Десе де мұндай жағдай жыл сайын қайталанбайды. Маңғыстау облысындағы экологтардың пікірі осыған саяды. Олардың дерегінше, теңіз жағалауының қарға орануы 2-3 жылда бір рет болып тұрады. Кейде мұндай құбылысты "анжыр" деп те атайды. Бұл ретте, таяз судың беті мен белгілі бір аумақтарды ғана мұз басады. Экологтардың айтуынша, соңғы рет мұндай құбылыс 2015 жылы тіркелген. Мамандар бұдан аса қауіптенудің қажеті жоқтығын ескертеді. Құтқарушылар жұқа мұзда жүрмеу керектігін айтып отыр. Әйтсе де, кейбір көлік иелері экстремалды сырғанау ұйымдастыруды тоқтатар емес. Тұрғындардың дені мұндай кезде жағалауда серуендегенді ұнатады. 

Руслан Түкенов, Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

Каспий теңізі жағалауына мұз қатуы - табиғи процес, мұны таңғажайып деп қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл табиғи құбылыс. Флора мен фаунаға еш қауіп жоқ.

Оксана Васильева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Керемет құбылыс. Біздің қалада бұл өте сирек кездесетін жағдай. Жағалауда қыдырып, демалуды ұнатамыз. Өте әдемі. Біздің өңіріміз үшін бірегей көрініс деуге болады.