Русский Сайттың толық нұсқасы

Тегін дәрі-дәрмекке 100 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2018
  • 3063

Биыл елде тегін дәрі-дәрмекке 100 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл туралы "СҚ Фармация" өкілі Батихан Алданов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018 жылы сатып алынатын 1 192 түрлі дәрі 49 түрлі ауруға дауа болмақ. Диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі беру үшін 3 айға 998 атаулы препарат пен медициналық бұйымдар сатып алынған. Оның 608 түрі жыл соңына дейін жетеді. Мамандар дәрі тапшылығы болмайды деп отыр.

Батихан Алданов, "СҚ Фармация" ЖШС амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

Тегін дәрілерге биыл біз әлеуметтік медицина сақтандыру қорымен мәмілеге келдік. Қазір 100 млрд-тан астам қаржы бөлініп тұр. Соңын барлығы биыл дәрі-дәрмектерге жеткілікті болады ғой деп ойлаймын. Биыл бұрынғыдай ана жерде дәрі жоқ, мына жерде жоқ деген мәселер биыл болмайды деп сенгіміз келеді.

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмек бағасын арзандату аукционын өткізіп отыр. 2018 жылдың тоғыз айы бойына қазақстандықтарға дәрі-дәрмекті жеткізу құқығына 16 өнім беруші таласып жатыр. Аталмыш аукцион екі айға созылады.