Бүгін Үкімет үйінде
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жобасы қаралды. Бұл
туралы премьер-министр сайтында хабарланды. Құжатта елді дамытудың негізгі 7
бағыты айқындалмақ. Селекторлық отырыста оған қатысты бірқатар ескертпе де,
ұсыныстар да айтылған. Сондықтан Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігіне
түзетулер енгізуді жүктеп, БАҚ өкілдері де қатысатын келесі жиынға стратегиялық
жоспарды дайындап әкелуге тапсырма берді.
Сондай-ақ Үкімет басшысы ұлттық
холдинг, ұйым басшылары мен әкімдерге дағдарысқа қарсы жаңа шаралар қолдану
туралы ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне 27 мамырға дейін енгізуді
тапсырды.