Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2018
  • 3527

Бүгін Алматыда жер сілкінісі байқалды. Оның күші 3 балдық деп тіркелген. Эпицентрі қаладан 40 шақырымдай қашықтықта екені белгілі болды. Астана уақытымен күндізгі сағат 15:20 шамасында болған тербелісті сейсмикалық станциялар желісі де нақтылады. Алматы қаласының тұрғындарына 2-3 балдық тербеліс сезілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Әнуар Боранбаев, «Сейсмология институты» ЖШС директоры:

Мұндай жер дүмпуі Алматы төңірегінде жиі болып тұрады. Тұрғындарға сезілген жер сілкінісі соңғы рет 2010-шы жылдар шамасында болған еді. Қазір қадағалау жұмыстары жалғасып жатыр, жағдай жіті бақыланады.