Русский Сайттың толық нұсқасы

Ипотекалық несие бойынша қарызы барларға тағы бір мүмкіндік берілмек

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2018
  • 3089

Шетел валютасымен ипотекалық несие алғандарға тағы бір мүмкіндік берілмек. Олардың берешегі қайта қаржыландырудан өтеді. Бұл туралы Президент арнайы тапсырма берген еді. Бүгін Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге борышкерлерді қыспаққа алуды тоқтату бойынша хат жолдаған. Ресми дерекке сай, Қазақстанда қарызды шетел валютасымен алған 25 мыңдай борышкер несиенің қайта қаралуын күтіп жүр.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Ипотекалық несиені АҚШ ақшасымен алғандықтан, қаржылық қиындыққа тап болған борышкерлер әлі де жетерлік. Президент 10 қаңтарда Ұлттық банк төрағасына тиісті тапсырма жүктеген. Онда барышын өтей алмай, ісі сотқа өтіп кеткендердің қарыздарын қайта қарап, жеңілдіктер жасауды айтқан еді.

«Квартира маленькая, 69-го года, на тот момент у меня выбора не было, потому что денег не хватало».

Алматылық Жанна Садықова - 10 жыл бойы ипотекаға рәсімдеген пәтерінің қарызын жаба алмай жүргендердің бірі. Екі бөлмелі ескі баспананы сол кезінде 109 мың АҚШ долларына сатып алған. Оның жартысынан көбін банктен алыпты. Уақыт өте, борышын өтей алмай, банк оның пәтерін бірнеше рет сыртынан сатқан.

Жанна Садықова, Алматы қаласының тұрғыны:

Жұмыссыз қалып пәтердің ипотекасын төлей алмай, қарызым қордаланып кетті. Оған девальвация әсер етті. Бірақ банк жағдайымызға қараған жоқ, сотқа беріп, бірнеше рет пәтерді тартып алуға әрекет етті. Әлі күрес үстіндеміз.

Ресми дерек бойынша, АҚШ ақшасымен қарыз алып, қаржылық қиындыққа тап болған қазақстандық борышкерлер саны 25 мың. Олар қайта қаржыландыру бағдарламасынан үміттенеді. Соңғы рет қарыз алғандарға біршама көмек болған. Бірақ мәселе түбегейлі шешілу үшін, әлі де мемлекеттің көмегі қажет 

Сұлубике Жақсылықова, қоғам белсендісі:

Алғашқы бағдарлаам бойынша 130 млрд теңге бөлінген еді. Бұл біршама адамға көмегін тигізді. Енді Президент пәрменімен тағы осындай бағдарлама іске қосылаы дегенді естіп отырмыз.

Мениса Хуснутдинова, ҚР ҰБ Қаржылық сауаттылықты арттыру бөлімінің  басшысы:

Жаңа бағдарлаам тек валютамен қарыз алғандарға бағытталады. Сол себепті екінші деңгейлі банктерге тиісті хат жолдадық. Олар шешім қабылдағанша, сот шешімімен үйлерін босатулары тиіс отбасыларына тиіспеуі керек.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Қайта қаржыландыру 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетел валютасында қарыз алғандарға бағытталуы мүмкін. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Ұлттық банктің дерегінше, бағдарламаның тетіктері жасалып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын теңгемен қарыз алғандардың несиесін қайта қару үшін, бағдарлама іске қосылған болатын. Ол бойынша 2004-2009 жылдары қарыз алған 23 мың отандасымызға жеңілдіктер жасалған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ