Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда әрбір бесінші отбасы бала сүйе алмай жүр

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2018
  • 4550

Қазақстанда әрбір бесінші жас отбасы бедеулік проблемасына тап болады. Репродуктолог мамандар табиғи жолмен сәби сүйе алмайтын жастардың саны артып отыр дейді. Бұрын бала болмаудың негізгі себебі көбіне әйелдердің денсаулығынан болатын. Ал, қазір кінәраттың тең жартысы еркектердің белсіздігінен табылып жатқан көрінеді. Урология ғылыми орталығы жүргізген тексеріс нәтижесінде, 24 мың еріктінің 60 пайызы белсіз, яғни еркектік күш-қуаты кемігені, 30 пайызының тіпті бедеу екені анықталды.

Ақылбек Пішенбаев, уронефролог-маман:

Еркек бедеулік сұрақтарымен келетін науқастардың пайызы көбейіп жатыр. Бірінші жылдары келетін үлкен кісілер 40 асқан, 45-тен асқан сондай сұрақпен келетін, бүгінгі күні қарағанда 20 жастан бастап келіп жатады. Үйлене сала, 3-4 айдан кейін келіп тексеріліп жатады.

Бедеулік проблемасы неден туындайды, оның алдын алу мен емдеудің жолдары қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білгілеріңіз келсе, сенбі, 18:20-да, «Астана»  телеарнасының «Репортер ұсынады» атты жаңа жобасын көріңіздер.