Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылы Қазақстан мен Грекия өзара сауда көлемі 980 млн $ құрады - ҚР ИДМ

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2018
  • 2691

Өткен жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 980 миллион долларды құрады. Мұны қазақ-грек бизнес-форумында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Арыстан Қабыкенов айтты.  Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Қазақстан тарапы грек бизнесіне қолайлы жағдай жасауға әзір. Бүгінде Грекияға көмірсутек, астық, тұз, цемент, жез тағы да басқа заттар экспортталады. Ал біз олардан химиялық және металлургиялық өндіріске қажетті бұйымдар мен пластик, тері, мата, аяқ киім және электроматериалдар сатып аламыз.

Арыстан Қабыкенов, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Қарым-қатынастың қарқын алғаны қуантады. Біз грек инвестициясын тартуға мүдделіміз және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолдау көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ экспорт пен импортты жолға қоятын сауда-экономикалық әріптестік орнатуға қызығушылық танытып отырмыз.

20-дан астам компания өз өнімдерін ала келген. Олар Қазақстан нарығына кіруде қиындық кездеспегенін айтады. Грек фармацевтикалық компаниясының өкілі дәрі-дәрмекті тіркеу уақыты да қорқытпайды деп отыр. 

Микаель Патеракис,  «ADELCO» фармацевтикалық компаниясының менеджері:

Қиындықтар барлық жерде бар. Әрбір елдің өз талаптары болады. Дәрі-дәрмектерді тіркеуге 6 ай, тіпті 1 жыл кетуі мүмкін. Бұл Қазақстан үкіметінің талаптары мен стандарттарына байланысты болмақ. Біз жұмыс істеуге қорықпаймыз.