Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәулен Әшімбаевты Мәжілістегі әріптестері құрметпен шығарып салды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 2714

«Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта да халық үшін ашық болады. Қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жұмыс жүргізуді жалғастыра бермек. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Бүгін ол депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тапсырды. Әріптестері экс-депутатқа жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Палата спикері Нұрлан Нығматулин арнайы алғыс хат табыстады. "Ел арасындағы проблемалармен танысу мақсатында әлеуметтік желілердегі пікірлерге де назар аударылады". Осылай деген Әшімбаев "Facebook"-те жеке парақша ашатын ойы бар екенін айтты. Еңбек тиімділігін арттыру мен жұмысшылар құқығының тапталмауы «Нұр Отан» партиясының әрдайым назарында,-  деді.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің азаматтардың әлеуметтік қорғалу мәселесіне партия басымдық беретін болады. Себебі партия - ол халықтың партиясы, халық мүддесін қорғап жүрген партия. Басқа қалада да осындай мәселе туындап жатса, партия жедел позициясын айқындап, осындай мәселелерді шешуге жұмыс істейтін боламыз.