Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Нығматулин ЕЭК-тегі қазақстандық шенділердің жұмысын сынға алды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 3004

Қазақстандық шенділер еуразиялық экономикалық комиссияда отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғамай, ұйықтап отырады. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай деп лауазымды тұлғаларды сынға алды. Бүгін «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өнеркәсіптік тауарларға қатысты субсидиялау» туралы заң жобасы талқыланған. Спикердің сөзінше, интеграциялық органда отырған өкілдер отандық кәсіпкерлерге бағадағы сөз байласуды жойып, ашық бәсекелестікке жол ашып бере алмайды. Мәселен, Ресей тарапы біздің елге еш кедергісіз 700 мың тонна цемент енгізген. Ал, Қазақстан тарапы өнімді экспорттауда осындай нәтижеге қол жеткізе алмай келеді. Бұл мамандардың жаңа стандарттарға көшкенде тиісті шараларды қабылдап, отандық бизнес өкілдерін құлағдар ете алмауынан туындап отыр.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Дер кезінде біздің кәсіпкерлерді құлағдар ете алмай, оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырып отырсыздар. Сонда ол мамандар  не істеп, не қарап отыр деген сұрақ туады. Егер шенеуніктер осындай «ұйқы режимінде» жұмыс жүргізсе, отандық бизнес саласы үлкен шығынға ұшырайды.