Қазақстан
Ресейге көмір экспортын ұлғайтты. Өткен жылы көрші мемлекетке қатты отынның
18,8 млн тоннасын саттық. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 жарым пайызға
артық. Бұл туралы LS сайты хабарлады.
2017 жылдың 11 айында шет елдерге 24,5 миллион тонна көмір экспортталған.
Өнімнің жалпы құны 407 миллион доллардан асады. Ресейге 18,8 млн тонна
жөнелтілсе, Финляндияға 3,2 млн тонна қатты отын сатылды. Қырғызстанға 903,6
мың тонна. Швейцарияға 673,4 мың тонна, сондай-ақ, Украинаға 370 мың тонна
көмір экспортталды. Кипрге 157 мың тонна
қатты отын шығарылған.