Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы бензин бағасы Еуропа елдерімен салыстырғанда төмен

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 3094

Қазақстандағы бензин бағасы Еуропа елдерімен салыстырғанда төмен. Есесіне, жанармай тоқтаусыз қымбаттап барады. "РИА Рейтинг" сарапшылары түзген бензин бағасына қатысты рейтингте 33 мемлекет қамтылды. 

АИ-95 маркалы бензин Қазақстанда 176 теңгеден сатылған. Бұл - рейтингтегі ең төмен баға. Екінші орында Беларусь - мұндағы баға 206 теңге. Ресей үшінші орында -233 теңге. Ең қымбат бензин Нидерланды мемлекетінде. Онда жанармай литрі - 629 теңге. Қымбаттауға келсек, бір жыл көлемінде елімізде дизель отынының құны 25,8% өскен. АИ-95 маркалы бензин 20,4% қымбаттады. Қазақстандағы орташа жалақыға 853 литр бензин сатып алуға болады екен. Ал, Люксембургте бензиннің литрі 471 теңге. Есесіне, табысы жоғары тұрғындардың еңбекақысына 2,7 тонна бензин сатып алуға мүмкіндігі бар.