Русский Сайттың толық нұсқасы

Италия Қазақстанның қатты бидайына тапсырыс берді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2018
  • 2994

Италия алғаш рет Қазақстанның қатты бидайына тапсырыс берді. Бұл туралы Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бидайдың бұл сорты итальяндықтардың дәстүрлі макароны - пастаны дайындауға таптырмас шикізат. Қатты бидайдан өндірілген макарон суға пісірілгенде  қалыпты формасын сақтайтын көрінеді.

Кенже Абдуллаев, А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

Бізге итальяндықтар келіп, өндірушілері ғалымдары және олардың үлкен-үлкен бидай өсіруші компаниялары келіп, бізге тапсырыс беріп жатыр сортқа. Ал енді бұл сорттың бізде Қазақстанда ең жақсы қатты бидайдың барлық сапасына шығады біздің мемлекетте.

Биыл ауылшаруашылығы саласын дамыту үшін 240 млрд теңге қаржы бөлінген. Мұны  Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Парламент Мәжілісі депутаттары мен "Нұр Отан" фракциясы өкілдерінің қатысуымен өткен көшпелі жиында айтты. Ғылыми зерттеулер мен технологияларды енгізу үшін 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Дегенмен депутаттар бұл саланың ақсап тұрған тұстары көп екенін айтты.

Сергей Звольский, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бұл сала бірнеше жыл бұрын рапсты жоғалтып алды. Қырыққабат құрты барлық жайылымды жойып жіберді. Біздің ғалымдар қайда болды? Бүгінде негізінен сәбіз өсірумен айналысатын көкөніс өсірушілердің де айтарлық проблемасы бар. Біз де ғалымдарды күтеміз. Олармен бірлесіп, кішігірім кәсіпорындарды құрып, қаржыландырып, бәрін орнына келтіру керекпіз.