Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның үш бірдей фристайлшысы олимпиада ойындарының финалына шықты

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2018
  • 2182

Пхёнчханда 23-ші қысқы олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Бір қызығы ашылу салтанаты олимпиада ойындары үшін арнайы уақытша салынған стадионда басталды. Ал, олимиада біткен соң оны қайта жинап тастайды.  Ресми ашылуы бүгін болғанымен, жарыс кеше басталып кеткен болатын. Бүгін қазақстандық фристайлшылар өнер көрсетіп, 3 бірдей спортшы финалға жолдама алды. Дмитрий Рейхерд үшінші, Павел Колмаков пен Юлия Галышева мәре сызығын жетінші болып өткен. Ал биылғы олимпиадаға алғаш қатысқан 16 жасар Аяулым Әміренова 26-шы орында келді. Екінші квалификация финалмен бірге 11-ші ақпанда өтеді.  Ал футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2018-дің қола медаліне таласады. Қарсылас Ресей құрамасы.

Айта кету керек, топтық кезеңде қос команда жолығысқан болатын. Онда ойын 1:1 есебімен аяқталған. Ал, Испаниямен финалға таласта жерлестеріміз негізгі және қосымша уақытта 5:5 есебімен тең түссе, пенальтиде испандықтардың мерейі үстем болды. Сондай-ақ бүгін Астанада Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымына жеребе тартылды.  12 қатысушы команда екі топқа бөлініп, қарсыласы анықталған. Сырт алаңда өнер көрсететін «Ақтөбе» командасының бас директоры Самат Смақов жаңа маусымға деген пікірімен бөлісті.

Самат Смақов, «Ақтөбе» ФК бас директоры:

Алдағы тапсырма туралы айту қиын әзірге. Алдағы жиынды жаңа ойыншылардың қабілетін байқаймыз. Команданың 70 пайызы жаңарады. Уақыт аз. Әзірге ешкіммен келісімге тұрған да жоқпыз.