Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіс

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2018
  • 5049

«Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіс. Бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия филиалдарының өкілдерімен кездесті. Партияның өңірлік, аймақтық филиалдарымен қатар ірі кәсіпорындар базасында құрылған филиал және бастауыш партия ұйымдарының басшылары қатысқан жиында Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кеңінен талқыланды.

"Нұр Отан" мемлекеттік бағдарламалар жобасын, заң жобаларын құрастыратын, оны Үкімет пен Президентке ұялмай таныстарын "миға", сараптамалық орталыққа айналуы тиіс. Қазір «Нұр Отан» партиясы көз алдымызға үлкен бір спорт сайысында жеңіске жетіп, кейін жаттығуды ұмытқан, өз өзімен жұмыс істеуді мүлдем тоқтатқан, алдағы мақсат-мүдделерін ысырып қойып, күнделікті күйбең тірліктен арыла алмай өмірдің ағысымен ғана жылжып келе жатқан спортшыны елестетеді, -дейді Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге ауқымды стратегиялық міндеттер жүктеді. Біз «бір жеңнен - қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет етсек, бұл тапсырмаларды табысты жүзеге асырып, партияның қызметін жаңа сапаға көтереміз деп сенемін. Осылайша, партияны заманауи, жоғары технологиялы, белсенді, перспективалы, инновациялық саяси ұйым ретінде қайта құруға мүмкіндік аламыз. Бұл біздің қолымыздан келетініне сенемін. 

Партия жер-жерде әлеуметтік сын-қатер картасын әзірлей бастайды. Халықтың алаңдатқан мәселелерді дер кезінде анықтап, жедел әрекет етіп,  кейін оны партиялық деңгейде шешудің жолдарын ұсынулары керек. Бұл жазалау үшін жұмыс істемейді. Қоғамның көңіл-күйін бақылауда ұстау шарт.

Нұрлыбек Ожаев , «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Жаңа партиялық жоба аясында ағын және орта бизнестің дамуына, олардың өз алдына үлкен кәсіпке жетілу мақсатында алдында кездесетін қазіргі бюрократиялық кедергілер төңірегінде партиялықтар күш салып, осыны жеңілдету жолында барынша қағазбастылықты, не болмаса әртүрлі бюрократиялық кедергілерді жою мақсатында жұмыстанатын боламыз!

Әшімбаев, партия қатарына мүше қабылдау жүйесі өзгереді, деді. Қатарда 1 млн мүше бар. Енді саннан сапаға көшу керек деді. Адамдар партияға өз еркімен келуі керек. "Нұр Отанға" мүше болу белгілі бір дәрежеде мәртебеге айналуы тиіс. Осыған жағдай жасау, керісінше, мүшелерді іріктеп, ең лайықты азаматтарды қатарға қабылдау қажет, - дейді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Сәуле Нұрсолтан, Алматы облысы «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы:

Орталықтар аймақтарда аудит жүргізу арқылы партия мүшелерінің сандық емес, сапасына көңіл бөлу және осы айтылған әңгімеге байланысты барлығының санын азайту емес, сол санның ішінде сапаға жұмыс жасайтын, яғни нағыз партия мүшесі болатын, еліне адал қызмет етуге дайын, Елбасының саясатын қолдайтын, белсенді, бүгінгі күнде креативті өзіндік көзқарасы бар азамттарды тарту.

Жергілікті жерлерде нұротандықтар өздерін партия шенеунігі емес, халықпен ашық әрі тікелей жұмыс істейтін партия мүшесі ретінде көрсете білуі тиіс, деп түйіндеді Әшімбаев.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ