Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау барысын қадағалауға ТМД ұйымынан 12 байқаушы келді

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2016
  • 1702

Жиырмасыншы наурызға белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын бақылайтын халықаралық байқаушылар саны арта бастады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы атынан келген  байқаушыларды тіркеді.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Қазақстан Республикасы СІМ-нің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жанында алдағы парламенттік және мәслихаттар сайлауына ТМД халықаралық ұйымы атынан 12 байқаушы акредиттелсін.

Айта кетейік, күні кеше Ортсайлауком Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 28 байқаушысын тіркеп, тиісті куәліктер беру туралы қаулы қабылданған еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ