Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық әйел қатерлі дертке шалдыққандарды қолдау үшін шашын тақырлап тастады

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2018
  • 2987

Онкологиялық ауруға шалдыққандарға неге уақытында дәрі-дәрмек берілмейді? Инстаграм желісінің белсенді қолданушысы осындай сұрақ қойған. Қоғам осы мәселеге назар аударуы үшін шашын тақырлап алып тастаған. Оның айтуынша, елдегі медицина барлығын уақытында атқармайды.

Онкологиялық ауруға душар болған адамдарға неге дәрі-дәрмек уақытында берілмейді? Олар бір немесе 2 ай күте алмайды. Оларға дәрі керек! Біздегі медицина неге барлығын уақытында істемейді? Мемлекеттің осыған назар аударуын сұраймын. Және жыл сайын мүгедектігін дәлелдейтін мүгедек жандардың мәселесіне көңіл аудару керек.