Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық шаңғышы Валерия Тюленева жекелей жарысудан ТОП-50-ге енді

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2018
  • 2759

Қысқы олимиада ойындарында жерлестеріміздің аяқ алысы қалай? Шаңғышылар ішінде үздік 50-дің ішіне енген кім? Кореяда өтіп жатқан жарыс жаңалықтары туралы келесі материалда.

Мария Григорьева ауа райының қолайсыздығынан кейінге қалған жарысқа қатысты. Тау спортын игерген ол өзінің алғашқы олимпиадасында 51-ші болып келген. Америкалық Микаэла Шиффрин жарыс жеңімпазы атанды. Күміс норвегиялық Рагнхильд Мовинкельге бұйырса, қола италиялық Федерике Бриньонге бұйырды.


Қазақстандық шаңғышы Валерия Тюленева жекелей жарысудан ТОП-50-ге енді. Оның алдына Рагниль Хаги түскен. Ал Анна Шевченко болса, 56-шы орында, әріптесі Елена Коломина 63-ші орынға табан тіреді. 


Қазақстандық төрт бірдей биатлоншы ойдағыдай өнер көрсете алған жоқ. Біздің құраманың ең үздік көрсеткіші 45-ші орын. Галина Вишневская 4 мәрте нысанадан мүлт кетіп, швед спортшысы Ханна Эбергтен 5 минут кешігіп келді.


Ал Канада мен АҚШ хоккейшілері алаңда жаппай тәртіпсіздік орнатты. Бір қызығы, төбелес ойын аяқталуға бір минут қалғанда басталып кеткен. Бұл сәтте Канада 2:1 есебімен алда келе жатқан еді. Осыдан соң екі хоккейшіге тәртіпке бағынбау бойынша айып салынды. Екі команда да турнирдың жартылай финалына жолдама алды.

Абзал ҚҰРМАНКИН