Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында үй жануарының құтыру ауруына шалдыққан 5 дерегі тіркелген

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2018
  • 4851

"Маңғыстау облысы Жармыш ауылында құтыру індетіне байланысты карантин жарияланды" деген ақпарат шындыққа сай келмейді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Қазір екі ауданда малдың қозғалысына, ет-сүт өнімдерін сатуға шектеу енгізілген. Шенеуніктің дерегінше, құтырудың бес оқиғасы расталды. Екеуі Жармыш ауылында, қалған үшеуі Қарақия ауданында.

Қазір ветеринарлық топтар жұмысқа кіріскен. Ауру мал бақылауға алынып, қора-қопсыға дезинфекция жасалуда. Малдың өлексесін уақытылы жоймаған ветеринарлық пункт қызметкерлері жауапқа тартылады. Еске салсақ, өткен аптада Жармыш ауылы тұрғындары  "40 шақты мал құтырудан өлді" деп шырылдаған  еді.

Бекмұрат Жүсіпов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Жануарлар далада иесіз жайылып жүреді. Әсіресе жылқы мен түйені ешкім қадағаламайды. Әрі олардың қайда жүргенін дер кезінде анықтау да мүмкін емес. Сондықтан мал өрісте жүріп жарақат алуы мүмкін. Қожайыны уақытылы қарамағандықтан, ауруы асқынады да, өліп қалады.