Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жолақы төлемінің сараланған тарифі енгізілетін болады

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2018
  • 1984

Астанада жолақы қымбаттауы мүмкін. Ал автобустарда сараланған тариф енгізіледі. Бұл туралы «Астана ЛРТ» серіктестігінің басшысы мәлімдеді. Жаңа ережеге сай, жолаушылардың ақыны қолма-қол ақшамен төлемей, электронды төлем картасымен жасауы әлдеқайда тиімдірек болады. Биылғы сәуірде қоғамдық көліктердің жол ақысын көтеруге қатысты ұсыныстар мәслиxаттың қарауына шығарылмақ.

Бекмырза Игенбердинов «Астана ЛРТ» ЖШС басшысы:

Жанар-жағармай қымбаттады. Қосалқы бөлшектердің құны да жоғары. Қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне дұрыс жалақы төлеу мақсатында тарифті көтеру жоспарда бар.

Жолақының қаншаға көтерілетіні әзірге белгісіз. Сонымен бірге, қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін зейнетақы кітапшаларын мүлде алып тастау жоспарланған. Оның орнына электронды карталар беріледі. Көлік компаниясы хабарлағандай, жеңілдік бойынша тегін жол жүретіндерге бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге бөлінген. Елорадада 114 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік жәрдемақы кітапшасын пайдаланады. Электронды жүйе енгізілгелі олардың 76 мыңы есімдері жазылған атаулы көлік картасын алған. Ал оның 51 мыңы валидациялық қолданыста. Өзге тұрғындар бұндай жеңілдік картасын қоғамдық көлікке кіргенде дұрыс пайдаланбайды екен. 1700 карта қара тізімге енген. Олар картасын өзге адамдарға пайдалануға беріп, ережені бұзған көрінеді.